Нұрай ісі. Полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

635
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GSx37Ds1HzJdlnsRmucT6tfhUwldzcLyjKFGwbfP.jpg

Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты полиция қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 22 қаңтарда ІІМ вице-министрі Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қызметтік тексеріс нәтижесінде Ішкі істер министрлігі тәртіптік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдады. Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды, оның бірінші орынбасары да қызметінен кетті. Сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қатысты салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық істі тіркеу мен кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдамаған»,-деді ол.

Вице-министр күдіктінің екі айға сот санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті. 

Еске салсақ, 13 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталған болатын. 16 қаңтарда ІІМ тергеуді бақылауға алғанын мәлімдеген.

评论