Ер адам «Сергек» камерасына оқ атқан

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PT9F2r0NR00SzHjlqK0RAa8spjYdfiXEYUgjtPos.jpg

Жамбыл облысында «Сергек» автоматты бақылау камерасын қасақана істен шығарған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ автожолында болған.

Сотта анықталғандай, ер адам пневматикалық мылтықпен жол қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде тіркейтін «Сергек» камерасына оқ атқан.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенін мәлімдеген. Алайда жәбірленуші тарап залалдың толық көлемде өтелмегенін көрсеткен.

Нәтижесінде сот қаулысымен азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

评论