Айға ұшу алдындағы сынақ. Қытай ғарышкерлері үңгірде жаттықты

563
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OJAZYbUzW1rjHOQO2Q3iHBf9GvUmg6LYn2UV1L88.jpg

Қытайлық ғарышкерлер ел тарихында алғаш рет үңгір жағдайында өткен дайындық бағдарламасын сәтті аяқтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқу-жаттығулар елдің оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінің таулы ауданында ұйымдастырылған. Дайындыққа 28 ғарышкер қатысып, олар 4 топқа бөлінген. Әр топ суық әрі ылғалды жерасты жағдайында 6 күн, 5 түннен өткізген. Бұл бағдарлама ұзақ мерзімді орбиталық ұшулар мен болашақ Айға бағытталған пилотталатын миссиялар алдында тіршілік ету дағдылары мен психологиялық төзімділікті пысықтауға арналған.

Интенсивті бағдарлама нақты миссиялардың талаптарына барынша жақындатылып, қытай ғарышкерлерін даярлау жүйесін кеңейту мақсатында әзірленген. Бағдарлама аясында экологиялық мониторинг, үңгірлерді картографиялау, «ғарыш–жер» байланысын имитациялау, сондай-ақ психологиялық және мінез-құлықтық дайындық жүргізілген.

Сонымен қатар нұсқаушылар тосын эвакуациялар ұйымдастырып, командалардың төтенше жағдайларға әрекет ету қабілетін және бірлесіп мәселе шешу дағдыларын тексерген.

«Бұл деректер ғарыш станциясындағы ұзақ мерзімді миссияларға және Айға бағытталған пилотталатын ұшуларға қатысатын ғарышкерлер үшін психологиялық қолдау жүйелерінқұруға маңызды негіз болады»,- деді Қытайдың ғарышкерлерді зерттеу және даярлау орталығының нұсқаушысы Цзян Юань.

Ол алдағы уақытта мұндай интенсивті бағдарламаларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

评论
其他材料