Kundelik деректерінің таралуы. Компания түсініктеме берді

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HmcaoyFoAraSn5WeLVulkfjxtqrRgEW1bl05Lq5S.jpg

Kundelik платформасына иелік ететін компания әлеуметтік желілерде тараған «бірнеше мың оқушының деректері ашық жарияланды» деген ақпаратты жоққа шыңарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Informburo.kz сайтына сілтеп.

Компанияның мәліметінше, қазір ішкі техникалық тексеріс жүріп жатыр, сондықтан қандай да бір қорытынды жасауға ерте.

"Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің шығып кету фактісі расталған жоқ. Компания ішкі техникалық тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру аяқталғанға дейін болып жатқан оқиғаға қатысты кез келген қорытынды жасау ертерек. Тексеру нәтижесі бойынша Kundelik қоғамды қосымша хабардар етеді", – деп мәлімдеді компания.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун да деректердің таралуын растаған жоқ. Алайда оның айтуынша, міндетті түрде тергеу жүргізілуі керек.

"Әзірге түсініктеме бере алмаймын, себебі тиісті қызметтерге барып, қажетті тергеу мен шараларды жүргізу қажет. Біріншіден, ақпарат расталған кезде, екіншіден, не болуы мүмкін екені талданған соң, тиісті ақпаратты жариялаймыз. Қазірше қолымызда ештеңе жоқ", – деді ол сенат кулуарларында.

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы да жағдайды тек сараптама аяқталғаннан кейін ғана түсіндіретінін хабарлады.

 

评论