«Жатқа жығып бермеді». Жәнібек Әлімханұлы үндеу жасады

437
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LygKHs4mhW79SGGYWCcrPo1IFPE3YkFPHHnj41lI.jpg

Допинг дауына іліккен белгілі боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшы қолдау білдірген барша жанға алғысын жеткізді.

«Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен»,-деді ол.

Боксшы жанкүйерлерінің қиындықта да қасынан табылғанын ерекше атап өтті.

«Менің бір қуанатыным, бокс карьерамда жаман жанкүйер жинамаппын. Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын. Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен. Бұл түсіне білгенге үлкен бақ!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, Әлімханұлы 7 желтоқсанда Сан-Антониода WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіруші жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда 3 желтоқсанға қараған түні қазақстандық спортшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний дәрілік заты табылғаны айтылды. Осыдан кейін ұйымдастырушылар оны жекпе-жектен шеттетті.

评论