“Дәрігерді қорқытуды қылмыс деу – қылмыстар санын арттырмай ма?”

380
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TYMVBxnUYN4LdukSmmlCDZ4SDB4ufb8RebhXVuvI.jpg

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсету әрекеттерін қылмыс қатарына енгізу мәселесіне байланысты ішкі істер министрлігіне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Депутаттың айтуынша, кей жағдайда азаматтардың ашуға берілуіне түрлі себеп болуы мүмкін.

«Дәрігерлерге “күш көрсетемін” деп қорқытуды қылмыс қатарына жатқызып отырсыздар. Түрлі жағдай болады: бірі – жақынынан айырылып қалады, бірі – дұрыс медициналық қызмет ала алмайды. Мемлекеттік те, жекеменшік те мекемелер бар. Адам тіс емханасына барады, бірақ сапалы қызмет көрсетілмейді. Соған орай ашулы сөздер айтылуы мүмкін. Соның бәрін қылмыс деп танып отырсыздар. Ертең практикада қылмыстар саны күрт артып кетеді деп ойламайсыз ба?» – деді Абзал Құспан.

Сауалға ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді. 

Оның айтуынша, қоқан-лоқы әрекеті қылмыс деп танылуы үшін нақты қауіп тудыруы керек.

«Қылмыстық процестің ұстанымдарына келсек, ең бастысы – қорқыту әрекетінің адам үшін шынайы қауіп тудыруы. Егер адам қолына пышақ ұстап, “ұрамын” десе, бұл – басқа бап бойынша қаралатын жағдай. Ал жай сөз арқылы айтылған қорқыту болса, оған басқаша құқықтық баға беріледі. Мүмкін, қылмыстық іс қозғалмай, басқа шешім қабылдануы мүмкін», – деді вице-министр Әділов.

评论