其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Қазақстандық блогер есекті жолақтармен бояп, оны зебраға ұқсатпақ болған видеосымен желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Автордың өзі жариялаған бейнежазбада блогердің есекті қара-ақ жолақтармен бояп жатқан сәті көрсетілген. Бұл видео әлеуметтік желі қолданушылары арасында кеңінен талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырды.
Интернет қолданушылары мұндай әрекетті жануарға қатыгездік деп бағалап, бояудың құрамындағы химиялық заттардың жануар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Кейбір пікір иелері бояу құрамында ксилол, метилацетат немесе бутанол секілді қауіпті еріткіштер бар екенін ескертті.
Көптеген қазақстандықтар блогердің ісін айыптап, жануарларды қорғау заңнамасы бойынша жауапқа тартуды талап етті. Олар e-Otinish платформасы арқылы шағым жолдауға ниетті екенін жеткізді.