ҚТЖ қызметкерлерінің шағымынан кейін тексеру туралы айтылды

1300
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MaB66nIZHO8AZylvi6skB2aTJ7Y7Vck8eeWAZAfc.webp

«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясы Маңғыстау облысы, Бейнеу станциясының жол дистанциясы қызметкерлерінің әлеуметтік желілерге жарияланған видеоөтінішінен кейін қызметтік тексеріс жүргізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Видеоөтініште теміржолшылар ішкі мәселелерге сырттан араласу жасалғанына және Маңғыстау бөлімшесінің басшылығына шағымданған.

ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, кейбір қызметкерлер мен өңірлік бөлімше басшылығы арасындағы түсінбеушіліктен туындаған.

Жан-жақты тексеру үшін орталық аппараттан және магистральдық желі дирекциясы филиалынан жұмыс тобы Маңғыстау өңіріне жіберілетін болады. Мамандар өтініштерде айтылған фактілерді қарап, қызметтік тексеріс қорытындысын шығарады.

Компания басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тексеру нәтижесі бойынша еңбек заңнамасы мен ішкі нормативтік актілерге сәйкес тиісті ұйымдастырушылық шешімдер қабылданады.

评论