Қарамағындағыларын балағаттаған теміржолшының қызметі өсті

1870
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5L0TBLWNRhphzsCAK2EWSdZGKK7BjyDGgOrXeZdq.jpg

Онлайн кездесуде қарамағындағы қызметкерлерімен дөрекі сөйлескен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол серіктестіктің бас директоры міндетін атқарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» мен еншілес компанияларда басқару командасын одан әрі күшейту және қызмет тиімділігін арттыру мақсатында кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Асан Үмбетов тағайындалды»,—делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін теміржолшылардың онлайн жиналысында Үмбетовтың жұмысшыларға дөрекі сөздер айтқан видеосы желіге тарап кеткен еді. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Біреулер оны сынаса, кейбірі қолдау көрсетті. Кейіннен Асан Үмбетовке ескерту берілгені белгілі болды.

评论
其他材料