АҚШ-та USAID агенттігі жабылды

1942
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/aB80T9l02Z8qWt3En5Kn4QQjLbkXs3BFqUPD5hUJ.webp

АҚШ мемлекеттік хатшысы өз парақшасында АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) жабылғанын жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Бұл шешім президент Дональд Трамптың бастамасымен қолға алынған ауқымды реформа аясында қабылданды.

Рубионың айтуынша, 2025 жылдың қаңтарында шетелдік көмек бағдарламалары 90 күнге тоқтатылып, қайта қаралды.

«Қаңтардан бері біз салық төлеушілерге ондаған миллиард доллар үнемдедік. USAID ресми түрде жабылады, негізгі бағдарламалар Мемлекеттік департаментке беріледі», – деді мемлекеттік хатшы.

The Guardian дерегінше, 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін USAID-тің барлық шетелдік өкілдіктері жабылып, агенттік бағдарламаларының 83%-ы қысқарған.

Дональд Трамп Конгреске жасаған үндеуінде USAID шығындарын «даулы» және «мәнсіз» деп атап, шетелдегі ЛГБТ құқықтарын қорғауға бөлінген 40 млн долларды, соның ішінде Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығына қолдау көрсетуге бөлінген 10 млн долларды сынға алды.

The New York Post мәліметінше, Трамп әкімшілігі шетелдік көмекті 5 млрд долларға қысқартуды жоспарлап отыр. Оның 3,2 млрд доллары USAID үлесіне тиесілі болған.

Алайда Lancet журналы USAID бағдарламаларының тоқтауы гуманитарлық көмектің қысқаруына әкеліп, алдағы жылдары 14 млн-нан астам адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

相关新闻

评论
相关新闻