Қызмет құнын жоғарылатқан. «Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды

1847
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lCS3TyJS7yCgYe5JWp50yy1eUwUTnpW0HvtC49ta.png

«Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

«Талдау барысында байланыс операторларының стационарлы интернет қызметтеріне арналған бағалардың динамикасы да зерттелді. «Қазақтелеком» АҚ-ның әрекеттерінде монополияға қарсы жоғары бағаны белгілеу белгілері анықталды. Мысалы, байланыс операторы 2024 жылы интернет тарифтері бойынша, оның ішінде 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. жылдамдықтар үшін 20%-ға дейін бағаның өсуін тіркеген. Осыған байланысты қазіргі уақытта операторға қатысты бәсекелестікті қорғау заңнамасының бұзылуына қатысты тергеу жүргізілуде», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Агенттік атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында байланыс қызметтері нарығында бірқатар кедергілер анықталды, оларды жою әділ бәсекелестікті дамытуға ықпал етуі мүмкін.

«Стационарлы (фиксированного) интернет қызметтерін көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайын жоспарлы талдау барысында көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындар үшін интернет қызметтерін ұсынатын үшінші тарап байланыс операторларының кіруіне кедергі келтіретін тосқауыл анықталды. Себебі, байланыс қызметтерінің сапалы болуы азаматтардың негізгі қажеттіліктерінің бірі, ал көпқабатты тұрғын үйлерде байланыс желілерін орналастыру бәсекелестік жағдайда ерекше маңызға ие. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамалық шектеулер үшінші тарап байланыс операторларының қызметін көпқабатты үйлерде жүзеге асыруға әрдайым мүмкіндік бермеді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кабельдік канализация желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды операторлардан алу процесін қиындататын тағы бір тосқауыл анықталды.

«Табиғи монополия субъектісі кабельдік канализация желілеріне қосылуға рұқсат алу туралы сұрау алған кезде техникалық шарттарды ақылы негізде береді. Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңнамада ақы алу көзделмеген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары негізінде нормативтік актілерден радиожиіліктік спектрді бөлу бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушының телекоммуникациялық және (немесе) ұялы байланыс магистральдық желісі болуы қажет деген талаптар алынып тасталды», — деп хабарлады.

«Байланыс туралы» қолданыстағы заңға виртуалды операторлардың қызметін құқықтық реттеу мен ұялы операторлардың қуаттарын жалға алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзгерістер енгізілді, бұл нарықтағы бәсекелестікті дамыту әлеуетін арттырады.

«Бұдан басқа, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс қызметтерінің бағасы динамикасын талдап, монополияға қарсы жоғары баға белгілеу белгілерін анықтады. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторының заңнаманы бұзу туралы тергеу тағайындау мәселесі қарастырылуда», — деп хабарлады агенттік.

评论