Ақтаудағы апаттың шындығы жыл соңына дейін белгілі болады – Қанат Бозымбаев

917
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BrQXC5e4Ax4NMC1upj2ASposixNG57T0HiF6MbsX.jpg

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев 2024 жылдың желтоқсанында Ақтауда орын алған AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына қатысты тергеудің барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, көлік министрлігі апаттың себептерін анықтау үшін халықаралық сарапшыларды тарта отырып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Апатқа ұшыраған ұшақтың кейбір жабдықтары шетелде сараптамадан өтуде, ал талдау кезеңі аяқталуға жақын. Жақын арада түпкілікті есепті дайындау басталады.

Бозымбаевтың айтуынша, апатқа қатысты жалғыз ашық сұрақ – фюзеляждың зақымдану сипатына байланысты.

«Мен оның қалай зақымданғаны туралы саяси пікір айтқым келмейді. Бұл сұрақтарға құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан жарылыс-техникалық сараптама жауап беруі тиіс. Менің білуімше, олар әртүрлі зақымдайтын элементтері бар қару-жарақ қолданыста болатын елдерге сұрау жіберді. Ондай элементтер құлаған ұшақтың фюзеляжынан табылды. Біздің ойымызша, жылдың соңына дейін шындық толық анықталады», – деді вице-премьер.

Ол тергеу ҚР Көлік министрлігі жанынан құрылған комиссия аясында жүргізіліп жатқанын және оған Әзербайжан, Ресей елдерінің, сондай-ақ ұшақ өндірушісі Embraer компаниясының мамандары қатысып жатқанын атап өтті.

Бозымбаев тергеу ашық жүріп жатқанын, ешқандай құпия жоқ екенін айтты. Шетелдік сарапшылар Астана мен Ақтауға тұрақты түрде келіп, бірлесіп жұмыс істеуде. Оның айтуынша, халықаралық серіктестермен үйлестіруде ешқандай қиындықтар жоқ, барлық жұмыстар ашық атқарылып жатыр.

Вице-премьер халықты сабыр сақтауға шақырып, түпкілікті есеп бірнеше айдан кейін жарияланатынын айтты.

2025 жылдың ақпан айының басында қазақстандық ведомствоның алдын ала есебі жарияланған. Онда фюзеляждың құйрық бөлігінде, тік қанат пен тұрақтандырғышта, биіктік пен бағыт руляларында «көптеген тесіп өткен және тесіп өтпеген зақымданулар» сипатталған. Кейбір жерлерде зақымданулардың тікбұрышты пішіні бар екені көрсетілген, бұл сыртқы нысандардың енгенін көрсетуі мүмкін.

Кейінірек Reuters агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, ұшақты Ресейдің «Панцирь-С» зымыраны атып түсіргенін хабарлады. Бұл ақпаратты Әзербайжан билігі растады, себебі олардың қолында зымыранның сынығы қалған. Олар Ресей билігі бұл оқиғаға қатысы барын жоққа шығарып, кінәні экипажға жүктеуге тырысып жатыр деп мәлімдеп, Ресейге қарсы сотқа шағым дайындап жатқанын айтты.

评论