Қытаймен келіссөз. Қазақстанда үшінші АЭС салу мәселесі талқылануда

2020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mpl5JMvukeNK0f2VRfA5GRwoclrtpfKE1k6bsVU1.jpg

Қазақстанда үшінші атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясын қоса алғанда, жоғары, орта және шағын қуатты реактор өндірушілерімен келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мәлімдеген.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда әлеуетті вендорлармен алдын ала кеңестер жүргізіліп, құрылыс мүмкіндіктері бағалануда.

"Үшінші АЭС-ті салу бойынша CNNC секілді ірі компаниялармен келіссөздер жалғасып жатыр. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Барлық қадамдар энергетикалық теңгерім мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктерге байланысты заңнама аясында жүзеге асырылады", — делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа АЭС құрылысына Қытай тарапы қатысуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда бірінші АЭС-ті салу үшін Алматы облысындағы Жамбыл ауданы таңдалған. Екінші станция бойынша да қытайлық CNNC компаниясы қатысуы ықтимал екені 17 маусымда белгілі болды. Бұл бағытта да мемлекеттік органдар мен CNNC арасында келіссөздер жүріп жатыр.

评论
其他材料