Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, өзі де секіріп кеткен

1732
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/bolnicza.jpg

30 шілде күні Павлодар қаласында Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде әйел адам екі баласын бесінші қабаттан лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту “103” қызметіне сағат 13:00-де түскен.  Көшеден өтіп бара жатқан адам дереу хабар берген.

Оқиға орнына бірінші кезектегі шұғылдықпен үш жедел жәрдем тобы жіберілген. Медициналық қызметкерлер алты минут ішінде жетіп, алғашқы көмек көрсетілген.

"Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел адам да ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген" - делінген жедел жәрдем станциясы таратқан ресми хабарламада.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкеневаның айтуынша, зардап шеккен балалардың бірі 1,5 жаста, екіншісі – 5 жаста.

“Қайғылы жағдай кезінде пәтерде тек анасы мен балалары болған”, – деп нақтылады уәкіл.

Қазіргі таңда үшеуінің де жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Тиісті органдар тергеу амалдарын бастап кетті. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде.

评论
其他材料