Жоғалған тікұшақ бөлшектері Сорбұлақтан табылды. Ұшқыштардан әзірге хабар жоқ...

2037
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kal6stWUlw7tZUQJ7C5lPn3Kch8uZFvbrZG5Kdq2.jpg

Алматы облысында жоғалып кеткен әскери тікұшақты іздестіру барысында құтқарушылар оның бөлшектеріне ұқсас элементтерді тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ғарыштық мониторинг нәтижесінде Сорбұлақ көлінің бетінде майлы дақ анықталып, сол аумаққа дереу құтқару топтары жіберілген. Іздеу кезінде тікұшаққа тиесілі болуы мүмкін бөлшектер табылғаны хабарланды.

Қазір оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің 200-ге жуық қызметкері, 40 техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық топ және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстары тәулік бойы, түнде де тоқтатылмастан жалғасып жатыр. 

Жұмыс барысында эхолот, дрон және суасты құрылғылары қолданылуда.

Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 25 шілде күні Қазақстан қорғаныс министрлігіне қарасты EC-145 үлгісіндегі әскери тікұшақ жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде радардан жоғалып кеткен болатын.

评论
其他材料