Көрінетін көз, естілетін дауыс, сезілетін жүрек. Unico Play жолға шықты

2087
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hnbyF0nsMaYngllA8dJsi09i7LGUzdGyKujeBP5v.jpg

Қазақ киносының күні – 12 қыркүйек. Күнтізбедегі бұл күн биыл жаңа бір сапардың бастауы болмақ. Сол күні экранға емес, санаға жол ашатын платформа іске қосылады. Есімі – Unico Play. Бұл – жай ғана стриминг емес. Бұл – өзімізге өзімізді көрсететін айнаның өзі.

Unico Play – қазақстандық көрерменге арналған алғашқы толыққанды онлайн кинотеатр. Оның басты ерекшелігі – қазақ тілінде сөйлейтін контенттің молдығы. Орысша да, ағылшынша да табылар. Бірақ өз тіліңде күліп, өз тіліңде тебіренгенге не жетсін?

Қыркүйектен бастап көрермендерге мынадай игілік ұсынылады:

Қазақстанда түсірілген 6 түпнұсқа сериал – біз туралы, біз үшін, өз тілімізде.

4500 сағаттық дубляждалған әлемдік кино – Голливудтан бастап Стамбул мен Сеулге дейін.

- Басқа еш жерде жоқ 200+ сағаттық эксклюзивті контент.
- Қазақша сөйлейтін балаларға арналған ең ауқымды медиатека.
- 100-ден астам арна мен спорт трансляциясы.
- Жаңа келген әр көрерменге бір ай тегін жазылым.

«Біз стриминг сервис қостық деп айтпаймыз. Біз жаңа әдет қалыптастырып жатырмыз. Ол – өзіңді көру, өзіңді тану, өзіңе сену», – дейді жобаның бас директоры Дияс Досмұханбет.

ТАЛАНТТАР ТОҒЫСҚАН АЛАҢ

Unico Play – жергілікті контенттің жүрегі. Мұнда комедия да, әйел тағдыры да, жасөспірім мұңы да, деректі дүние де бар. Мұнда ауыл да, қала да, жеңіс те, жеңіліс те – бәрі өзіміздің үнмен, өзіміздің жүрекпен.

«Қазақстандағы стриминг – шетелдің жобасымен толып тұр. Unico Play – осы жағдайды өзгерту үшін туды. Бізде оқиға бар, талант бар, техника бар. Енді осының бәрін бір платформада, жоғары сапада, өз тілімізде тамашалауға мүмкіндік бар», – дейді Досмұханбет.

Unico Play – тек платформа емес, қазақ киносының үлкен цехы. Мұнда 1000-нан астам автор бас қосты. Ержанов пен Нұрғалиев, Жаханов пен Абдуқадыр, Ақмолда мен Оразғалиева, Сатыбалды мен Шемес – бәрі осында. Бұл – таланттар тоғысқан алаң.

ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ЖОБА – ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ

Unico Play жасаған TWO телехикаясы әлемдік MIPCOM нарығына таңдалды. Бұл бағдарламаға енген алғашқы қазақстандық жоба. Онымен қоймай, Голливудта, аңызға айналған TCL Chinese Theatre сахнасында көрсетілді. Онда бір кездері «Жұлдыздар соғысы» мен «Желмен бірге кеткендер» жүріп өткен.

«Біз жүйелі жұмыс бастаймыз. Қысқа емес, ұзақ жолға шықтық. Өз нарығымыздағы ең мықты команданы құрдық. Енді қазақстандық контентті өндіріп қана қоймай, оны дүниежүзіне таратуға және дұрыс жолмен монетизациялауға кірістік», – дейді Uni-Q Group бас директоры Дмитрий Гудумак.

12 ҚЫРКҮЙЕК 2025 ЖЫЛ – есте сақтаңыз. Бұл – жай дата емес. Бұл – Unico Play ресми түрде іске қосылатын күн.

Unico Play жобаларына 1000-нан астам автор қатысты, олардың қатарында:

Режиссерлер: Әділхан Ержанов, Ернар Нұрғалиев, Берік Жаханов, Модияр Абдуқадыр, Әсет Жұмақанов, Бейбіт Өнер, Данияр Болотбеков;

Қоюшы-операторлар: Азамат Дулатов, Еркінбек Птыралиев, Мирхат Чапай, Еркебұлан Қуанышбеков;

Актерлер мен актрисалар: Дулыға Ақмолда, Сая Оразғалиева, Жека (Жеңіс Ерікұлы), Азамат Сатыбалды, Алексей Шемес, Ақжол Пірімбетов, Дамир Амангелдин, Елдос Шайкенов, Берік Айтжанов, Нұргүл Мыңғатова, Нышанбек Жұбанаев, Айшолпан Байтүгел, Мақсат Рахмет, Аида Құрманғалиева, Аша Матай, Ермек Шынболатов, Мейірғат Амангелдин, Мақсат Мамраимов, Сабина Мавлоева, Алмагүл Сағындық және басқалар.

UNICO PLAY – UNI-Q ӘЛЕМІНІҢ ЖҮРЕГІ

Unico Play – Uni-Q медиахолдингінің жүрегі. Бұл – тек контент көзі емес, шығармашылық индустрияның толыққанды экожүйесі.

Uni-Q құрамында:

- Unico Play – түпнұсқа және халықаралық лицензияланған контент ұсынатын стриминг платформасы;
- Unico Studio – қазақ тілінде сериал мен фильм түсіретін студия;
- Unico Rights – контентті халықаралық нарықтарға таратумен айналысатын дистрибьютор;
- Unico Dubbing – қазақ тіліне дубляж жасауға маманданған студия;
- Айна – YouTube үшін жаңа форматтағы түпнұсқа шоулар мен жаңа таланттар алаңы.

Сонымен қатар, Uni-Q құрамына жас мамандарды даярлайтын білім беру жобалары мен медиа активтер де кіреді.

Миссиясы – Қазақстанның медиаландшафтына серпін беру, жоғары сапалы контент өндіру және шығармашылық мамандарға халықаралық деңгейде ашылуға мүмкіндік жасау.

 

评论
其他材料