17 адам жараланды. Ресей дрондары Одессаны атқылады

1032
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SUIjvVUYIBJBKz6kKbcpeEqAuHZSwnJK561kVQnx.jpg

Ресей әскері сенбіге қараған түні Украинадағы Одесса қаласына соққы жасаушы дрондармен шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

Салдарынан ерлі-зайыпты қаза тауып, 17 адам жарақат алған, олардың үшеуі – балалар.

Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Олег Кипердің айтуынша, құтқарушылар дрон шабуылынан құлаған тұрғын үйдің үйіндісінің астынан қаза тапқан ерлі-зайыптылардың денелерін алып шыққан.

Украина төтенше жағдайлар қызметінің дерегінше, ресейлік дрондар 21 қабатты тұрғын үйге тиіп, нәтижесінде 7, 8 және 9-қабаттарда өрт шыққан. Адамдар пәтерлерінде қамалып қалған. Құтқарушылар өртті сөндіріп қана қоймай, бір мезгілде адамдарды эвакуациялаған. Қазір жабық және бұғатталған пәтерлерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, жарылыстар Днепр қаласында да тіркелді. Бұған дейін қалада және облыс аумағында әуе дабылы жарияланған болатын.

Украина қарулы күштері әуе күштерінің мәліметінше, бір түн ішінде Ресей әскері Украинаға 23 соққы дронын жіберген. Олардың негізгі соққысы Одесса облысына бағытталған.

评论