Қазақстан Елшісі Моңғолия президентіне сенім грамоталарын табыстады

735
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MgHl1bhI3B1AoUckrc8IP4E4bTOmRBaTIELnBkAR.jpg

20 маусымда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды “Адырна”.

Президент Ухнаагийн Хурэлсух Моңғолия мен Қазақстан арасында 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап "Стратегиялық әріптестік" деңгейінде екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Моңғолия Мемлекетінің басшысы Қазақстанның жаңа Елшісін екі ел басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыруға, екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға, Моңғолия мен Қазақстанды жалғайтын ең қысқа жолды құруға және Моңғолия-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясының тұрақты отырыстарын өткізуге күш салуға шақырды.

Өз кезегінде Елші Алмас Сейтақынов өзінің дипломатиялық миссиясы кезінде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті барлық салаларда кеңейтуге және өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға күш салуға дайын екенін білдірді.

 

评论