Тунистің экс-президенті 22 жылға сотталды

1057
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2eEZLj0u7kan9CrzYyP9kbXEmhxjN9s71hSUzpoB.webp

Тунистегі сот елдің бұрынғы президенті Монсеф Марзукиді сырттай 22 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

79 жастағы саясаткер қазіргі мемлекет басшысы Каис Саидтың ашық сыншысы болып есептеледі. Ол қазір Парижде қуғында жүр. Сот үкімі бойынша Марзуки мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндірді деген айыппен жазаланған.

«Бұл соттың үкімі – заңсыз. Ертең бұл үкімді шығарғандардың өздері сот алдында жауап береді. Тунистегі демократия міндетті түрде қайта оралады», – деді Марзуки сот шешіміне қатысты пікірінде.

Марзуки 2011–2014 жылдар аралығында Тунистің президенті қызметін атқарған. Ол қазіргі президент Саидты парламентті таратып, авторитарлық режим орнатты деп үнемі сынға алып келеді. Саид өз кезегінде бұл әрекеттерді ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында жасалған деп түсіндіреді.

Бұл – Марзукиге шығарылған үшінші сот үкімі.

Соңғы жылдары Тунис экономикалық дағдарысқа ұшырап отыр. Елде халық кофе, сүт, қант сияқты негізгі азық-түлікке қол жеткізуде қиындық көруде.

2021 жылы Саид үкіметті таратып, парламенттің жұмысын тоқтатқан. Кейін жаңа Конституция қабылдатып, өкілеттігін кеңейтті. Алайда, экономикалық жағдайды жақсарта алмады.

2023 жылы Тунисте бірнеше мәрте жаппай наразылық акциялары өтіп, халық Саидтың отставкасын талап етті.

评论