Назарбаев туралы ережелер күшін жояды

3758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/0ea39fb9-5b26-46bf-b16a-f39d1a4ebbdd.jpeg
Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша республикалық референдумның қорытындысына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 5 маусым күні референдумда азаматтар дауыс берген Конституциядағы өзгерістер күшіне енді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған. Өзгерістерге сәйкес:
  • Қазақстан супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі.
  • Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ. Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады.
  • Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады.
  • Сенаттағы президенттік квота қысқарып, Мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады. Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді.
“Халық партиясы бірден қоғамдағы идеялық күреске қосылып, референдумды қолдау үшін ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Біз нәтижеге ризамыз және бұл – барлық қазақстандықтың жеңісі деп санаймыз. Қазақстандықтар іс жүзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор сенім білдірді. Жаңа, Әділетті Қазақстанның берік конституциялық іргетасы қаланды деп айтуға болады”, – деді партия төрағасы сөз басында.

”Адырна” ұлттық порталы

评论
其他材料