АҚШ армиясына арналған әскери парад Трамптың туған күнімен тұспа-тұс келді

1484
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-20.png
14 маусымда Вашингтонда АҚШ армиясының 250 жылдығына арналған кең ауқымды әскери парад өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. DW хабарлағандай, парад АҚШ президенті Дональд Трамптың 79 жасқа толған күнімен тұспа-тұс келен. Парад барысында президент халық алдында сөз сөйлеп, жаңа сарбаздарды салтанатты түрде әскер қатарына қабылдады. Парадқа шамамен 6600 әскери қызметкер, 50 тікұшақ және M1 Abrams танктері қатысқаны хабарланды. Осыған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Трамп жұбайы Меланиямен бірге салтанатты шараға қатысып, трибунадан парадты тамашалады.
"АҚШ армиясына қош келдіңіздер! Өмірлеріңізде сәттілік тілеймін!" – деді президент Трамп.
Дәл осы күні АҚШ-тың бірнеше қаласында Дональд Трамптың саясатына қарсы наразылық шерулері өтті. «Патшаға жол жоқ» ұранымен өткен митингтер ұйымдастырылды. Ереуілшілер авторитаризмге, миллиардерлер мүддесін көздейтін саясатқа және демократияның милитаризациялануына қарсылық білдіруді мақсат еткен. Наразылық шаралары Нью-Йорк, Филадельфия, Хьюстон, Лос-Анджелес секілді қалаларда өтті. Алайда Миннесота штатында жоспарланған митинг соңғы сәтте тоқтатылды. Себебі сол күні штатта Демократиялық партияның екі саясаткеріне шабуыл жасалып, біреуі қаза тапты. Күдіктінің көлігінен «Патшаға жол жоқ» деп жазылған қағаздар табылған.
Yorumlar
Diğer Haberler