АҚШ-та 10 жаңа ядролық реактор салынбақ

1406
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9519-960x500.jpeg?token=ee7dd8a2e865b18c01f93cd73acba7eb

АҚШ президенті Дональд Трамп 2030 жылға дейін елде 10 жаңа ядролық реактордың құрылысын бастау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 23 мамырда Ақ үйдің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім елдің энергетикалық қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

«Энергетика министрлігі, ең алдымен, жұмыс істеп тұрған ядролық реакторлардың қуатын 5 ГВт-қа арттыруға және 2030 жылға дейін 10 жаңа ірі реактордың құрылысын бастауға назар аударады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ АҚШ энергетика министріне жабылып қалған атом электр станцияларын қайта іске қосуға, жұмыс істеп тұрған станциялардың қуатын арттыруға және құрылысы тоқтап қалған АЭС-терді аяқтауға қажет ресурстарды қамтамасыз ету тапсырылды.

Yorumlar
Diğer Haberler