Лифтідегі шабуыл. Баланы пышақтаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері ұрғаны айтылды

1090
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/photo-output-18-960x500.jpeg?token=f94beccc89a626e90fbc26717c3840f7
Сейсенбі күні Астанада лифтідегі 5 жасар баланы пышақтаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері ұрғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Астанадағы ерекше балалардың ата-аналары одағының төрайымы Гүлсан Мауина мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оның айтуынша, жасөспірім санитардың екі рет қол көтергенін айтқан. "Санитар балаға екі рет қол көтерген: кеше және бүгін. Біз қазір сот-медициналық сараптама жасатуға тырысып жатырмыз. Полицияға хабарластық, учаскелік полиция қызметкері келді, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Баланың анасы екі күн бойы сараптама жасата алмай жүр", – деді Гүлсан Мауина. Астана психикалық денсаулық орталығы бұл оқиғаға түсініктеме берді. Мекеме өкілдерінің мәліметінше, анасы 102-ге хабарласқаннан кейін полицейлер ауруханаға келген. Кезекші дәрігер мен медбике жасөспірімді қарап, анасының келісімімен фотоға түсірген. "Терісі таза, терінің тұтастығы бұзылмаған, науқас көрсеткен жерлерде гематомалар мен ісінулер анықталған жоқ", – деп хабарлады орталық. Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның қорытындысы кейін белгілі болатыны айтылды. Еске сала кетейік, Астанада лифтіде  жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған еді. Кейіннен жасөспірімнің психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны белгілі болды.
Yorumlar
Diğer Haberler