Үш адам қаза тапты. Маңғыстау облысында бір отбасы газға уланды

1788
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/gaz-960x500.jpg?token=88b29383e49502eda7a44d34f1a2c83d

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Ақтау қаласына жақын жерде орналасқан тұрғын алабында бір отбасы газға уланып, үш адам қаза тапты. Мәліметтерді жергілікті билік растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 23 ақпанда Мұнайлы ауданында орналасқан "Қаламқас" тұрғын алабында өрт болды.

“Бір отбасының төрт мүшесі көмірқышқыл газынан уланған. Оқиға орнында үш адам қаза тапты, оның екеуі – жасөспірім. Бір адам аман қалды. Ол ауыр халде облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылды”, делінген Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұмдардың отбасыларына материалдық көмек көрсетілгенін хабарлады. Басқа да қажетті қолдау шаралары қабылданды дейді.

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Осының салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.

Yorumlar
Diğer Haberler