Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысуда

1188
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/foto-ratek-kz-960x500.jpg?token=c726f6be8c5ae4c65b6cec7d2d7550e0
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев продюсер, журналист Дана Орманбаеваны іздеуді Интерпол жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  "Орманбаеваның орналасқан жерін анықтау жұмысымен Интерпол айналысуда. Ол қазір қай жерде екендігін нақты айта алмаймын. Әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден бәріне түсініктеме беріп жатқаны туралы жазып жатыр. Бірақ бізде нақты ақпарат жоқ", – деді Қойгелдиев бүгін Мәжіліс отырысында. Еске салсақ, қазақстандық танымал блогер, продюсер және журналист Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздеу жарияланған еді.   
Yorumlar
Diğer Haberler