Құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты

1496
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/e3a4e3f7-5ec7-4f5d-af28-55c5b44a5571-960x500.jpeg?token=3346901ada3ecef194d4d0fad95c5d50
Қарағанды ​​облысында салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.
«Салынып жатқан Qaraghandy power Silicon зауытында қосалқы мердігер компанияның қызметкері биіктіктен құлады. Біз бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының еңбек инспекциясы.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталуда», - деп түсіндірді полиция.
Yorumlar
Diğer Haberler