Әулие-ата жерінде. 85 жыл бұрын Жамбыл облысы құрылды

2077
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo-output-15.jpeg

Осыдан 85 жыл бұрын еліміздің  оңтүстігінде орналасқан Жамбыл облысы құрылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Кезінде Әулиеата аталған бұл аймақ 1934 жылдың 14 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан бөлінген аудандардан құрылған болатын. Бұл шешім өлкенің өндіргіш күштерін шапшаң дамыту және оны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан түлету жөніндегі мәселелерді шешу мақсатында қабылданды.

Облыстың қазіргі әкімшілік орталығы – Тараз қаласы. Ол түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай. Жамбылда қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар.

Yorumlar
Diğer Haberler