ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Мәсімовке рақымшылық жасалмайтын болды

2303
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/622ee051c9f68621996079-960x500.jpg?token=d73776b997d6a725334bba570edcc15d
Мемлекет басшысы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған. Мәсімовтің 27 маусымдағы кешірім жасау туралы өтініші Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды. "Мәсімовке кешірім жасау актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу нәтижелері бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізіп, ол келісті", – делінген президент әкімшілігінің жауабында. Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қолға түскен. Оған қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деп танылды. Ол 2023 жылдың сәуір айының соңында Астана сотының шешімімен "мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды" деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Yorumlar
Diğer Haberler