"Крокус Ситидегі" теракт. Қаза болғандар саны 115-ке жетті

2481
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_0778.jpeg
Мәскеудегі "Крокус Сити Холлдағы" теракт салдарынан қаза тапқандар саны 115-ке жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ресейдің тергеу комитетінің ақпаратына сілтеп. «Қазір қаза тапқандар саны 115-ке жетті», - делінген сенбі күнгі мәлімдемеде. Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Ресейдің "Крокус Сити Холлында" белгісіз біреулер ірі теракт жасаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты Қазақстан азаматтары үшін сенім телефоны ашылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атынан Мәскеудегі "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекетті қатаң айыптады. Айта кетейік, Украина лаңкестік әрекетке қатысы жоқтығын бірден мәлім етті.
Yorumlar
Diğer Haberler