Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің чемпионы атанды

198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dNCJoWxlXpIO5GhiIlx7w1irZYWbIOHPuv9F2akU.jpg

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында ұйымдастырылған WTA 125 санатындағы жарыстың жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды “Адырна”.

Отандасымыз бұл турнирде словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Шешуші матчта қазақстандық-словениялық дуэт чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшекке қарсы кортқа шығып, тартысты кездесуде 5:7, 6:2, 14:12 есебімен басым түсті.

Осылайша, Құламбаева үшін бұл маусымдағы сегізінші чемпиондық атақ болды. Сондай-ақ ол WTA 125 деңгейіндегі жарыстарда екінші рет топ жарып отыр. Бұған дейін қыркүйек айында қазақстандық теннисші австралиялық Габриэлла Фикпен жұптасып, Португалияда өткен дәл осындай санаттағы турнирдің чемпионы атанған еді.

Жалпы, 2026 жылғы маусымда Жібек Құламбаева жұптық сында жеті титул жеңіп алды. Оның алтауы ITF турнирлерінде тіркелген. Бұдан бөлек, Үндістанда өткен ITF W15 жарысында жекелей сында да жеңіске жетті.

Колумбиядағы жеңісі қазақстандық спортшының әлемдік рейтингтегі көрсеткішіне де оң әсер етпек. 16 қараша, дүйсенбі күні жаңартылатын WTA рейтингінде Құламбаева жұптық сында мансабындағы ең жоғары нәтижесіне қол жеткізіп, 86-орынға көтеріледі.

Yorumlar
Diğer Haberler