Жәрдемақыдан өз еркімен бас тартқандар саны 1000 адамға да жетпеді

176
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nxklqsYuOASfMDq3fwVnbeYTpAcVENoJqRDPrbyE.webp

700-ден астам қазақстандық әлеуметтік жәрдемақылардан өз еркімен бас тартқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әлеуметтік төлемдерден өз еркімен бас тартуға мүмкіндік беретін цифрлық сервис қазан айында eGov Mobile мобильді қосымшасында іске қосылған. Бүгінгі таңда бұл қызметті 729 қазақстандық пайдаланған.

Сервис әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы алушыларға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерінен бас тарту туралы электронды өтініш беруге мүмкіндік береді.

Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдерден бас тарту – міндет емес, азаматтың өз еркімен қабылдайтын шешімі екенін атап өтті. Сервис, ең алдымен, материалдық жағдайы жақсы, отбасының қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ете алатын азаматтарға арналған. Алайда өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азаматтар мемлекеттік қолдау алу үшін қайта өтініш беруге құқылы.

Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың бір бөлігі тек мұқтаж азаматтарға атаулы түрде беріледі. Бұл мемлекет отбасының немесе жеке тұлғаның материалдық жағдайын бағалайтынын білдіреді. Отбасылардың материалдық жағдайын объективті бағалау үшін өңірлерде жәрдемақы алушылардың үйлеріне барып, тексеру жүргізіледі.

Yorumlar
Diğer Haberler