Instagram-да алаяқтық жасады деген күдікпен блогер ұсталды

59
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/tU1R3YOXnG6fo0UfCgEGaSPu9a6bPSN6rxt2KDQo.jpg

Ақтауда Instagram әлеуметтік желісі арқылы тауар сатуға қатысты алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Күдіктілердің арасында 360 мыңнан астам жазылушысы бар парақшаның иесі де бар. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әлеуметтік желіде Қытайдан түрлі тауарларды, соның ішінде премиум санаттағы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы жеткізу туралы жарнама жариялаған. Өнімдер нарықтағы бағадан едәуір арзан ұсынылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, тауарларды жарнамалау үшін 360 мыңнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасының иесі тартылған. Жарнамаларда өнімдердің қолда бар екені, сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген. Кейін азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауар сатып алу үшін жеке кәсіпкердің есепшотына ақша аударған.

Алайда тапсырыс берілген тауарлар жеткізілмеген. Тергеу дерегіне сүйенсек, түскен қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған. Қазіргі уақытта ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техникаға ақша аударған азаматтар жәбірленуші ретінде анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және өзге де зардап шеккен азаматтарды табу бағытында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желі арқылы тауар сатып алғанда сақ болуға, сатушы туралы ақпаратты тексеруге және күмәнді есепшоттарға ақша аудармауға шақырды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Yorumlar
Diğer Haberler