Омбыда Қазақстан азаматы ұсталды

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dyXURkkt2rKEvPa09aEKcSkCbRvxkywiEy8lqzzL.jpg

Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан азаматы ірі көлемдегі темекі өнімдерін заңсыз тасымалдады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды “Адырна”. 

КТК арнасының мәліметінше, тәркіленген тауардың құны шамамен 27 миллион теңгеге бағаланған.

Тергеу мәліметінше, темекі өнімдері Павлодар қаласынан жеткізілген. Жолаушылар автобусын басқарған жүргізуші жүкті жасыру үшін көліктің багаж бөлігінде арнайы орын әзірлеген. Ол темекілерді Павлодарда аты-жөні анықталмаған адамдардан сатып алған.

Құқық қорғау органдары күдіктіні тауарды ангарда түсіру кезінде анықтаған. Тінту барысында 37 мыңнан астам қорап темекі тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, өнімнің жалпы құны шамамен 27 миллион теңгені құрайды.

Жауап алу кезінде жүргізуші бұл әрекетке қаржылық қиындықтарға байланысты барғанын айтып, өкініш білдірген. Қазір оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Yorumlar
Diğer Haberler