Бағаның күрт өсуіне байланысты inDrive сервисіне ескерту жасалды

356
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZQUixqbohUiNq6cCY99QsRjlzikPjGF12tfE7ekX.webp

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінде ақау туындағанда такси құны қымбаттаған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Такси қызметіне сұраныстың артуына байланысты inDrive компаниясына ресми алдын ала ескерту жолдады.

Агенттік мәліметінше, сол күні жекелеген сапарлардың құны үш есеге жуық қымбаттаған. Бұған бос көліктердің тапшылығы мен жүргізушілер ұсынған тарифтердің өсуі себеп болған.

inDrive компаниясы жағдайды тұрақтандыру үшін сервис комиссиясын міндетті салықтарды төлеуге жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін төмендеткен. Сонымен қатар жолаушылар мен жүргізушілер арасындағы баға бойынша келіссөздерге шектеу енгізген.

Ведомство Қазақстандағы такси қызметтері нарығында ірі сервистердің үлесі басым екенін атап өтті. Сондықтан бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және қызметтің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды.

Агенттік түсіндіруінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес, компанияның әрекеті тұтынушылардың құқықтарына зиян келтірген жағдайда, бұл бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілерін қамтуы мүмкін. Осыған байланысты inDrive сервисіне заң бұзушылыққа жол бермеу туралы ресми алдын ала ескерту жіберілген.

Еске салайық, 8 қазанда Ресейдің Рязань облысындағы Сасово қаласында орналасқан «Яндекс» компаниясының деректер орталығына дрондар шабуыл жасаған. Соққы салдарынан өрт шығып, инфрақұрылымның зақымданған. Кейіннен Қазақстан аумағында Яндекс такси қызметі жұмыс істеуін тоқтатты.

Yorumlar
Diğer Haberler