Қазақстандықтар әскер жұмысын өзгертуге дауыс берді

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fei1v7v0NtDo4yLRRxRpdIOlYL0FCwwhjDmJHtQJ.jpg

Қазақстандықтардың басым бөлігі қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыруды әскердегі басты өзгерістердің бірі деп санайды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы 28–29 қыркүйекте жүргізілген сауалнама нәтижесінде белгілі болды.

Зерттеуді «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1012 адам қатысқан. Зерттеу CAWI әдісімен, яғни онлайн сауалнама арқылы өткізілген. Оған Қазақстанның 17 облысы және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының тұрғындары қамтылған.

Сауалнамаға қатысушыларға әскерде қандай өзгерістер қажет деген сұрақ қойылып, бірнеше жауапты таңдауға мүмкіндік берілген.

Нәтижесінде:

* қорғаныс министрлігінің ашықтығы мен есептілігін арттыру – 47,4%;
* командалық құрамды жаңартып, кәсіби деңгейін көтеру – 34,3%;
* қорғаныс саласындағы жемқорлықпен күресті күшейту – 29,4%;
* әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік жағдайын жақсарту – 25,3%;
* қару-жарақ пен әскери техниканы жаңарту – 20,7%;
* жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу – 20,4%;
* жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу сапасын арттыру – 19,2%.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысушылардың 85,2%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс министрлігін жан-жақты тексеру туралы шешімін толық немесе ішінара қолдаған. Ал армияны реформалау туралы шешімді 85,7%-ы қолдаған.

Yorumlar
Diğer Haberler