Зардап шеккендер бар. Жеке үйде жарылыс болды

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wI5gwW0GkO27e1PpX4tvqmMCjQycItkYqul85KPQ.png

Теміртауда жеке тұрғын үйде газ жарылып, 67 жастағы ер адам зардап шекті. Ол ауыр күйікпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға 18 қыркүйек күні таңғы сағат 06:00 шамасында болған. Көршілер қатты жарылыс дауысын естіп, құтқару қызметіне хабар берген.

Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің ас бөлмесі толық қираған. Ғимараттың төбесінде жарықтар пайда болып, терезелер мен есіктер зақымданған.

Оқиға кезінде үйде 67 жастағы ер адам болған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны термиялық күйікпен Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізген. Қазір зардап шегуші жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, газдың өздігінен іске қосылуы жарылысқа себеп болуы мүмкін. Алайда зардап шеккен адамның туыстары бұл нұсқамен келіспейді. Олар оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізуді талап етіп отыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жарылыстың нақты себебі мен оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler