Шымкентте 28 жастағы чемпион тоққа түсіп, қаза тапты

143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K3JQBnKlBKGEEX4QcbKgB5c8G9abPeo1vmAivwzI.png

Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионы, 28 жастағы Әділ Тілектес Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде жұмыс барысында қаза тапты. Ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйекте болған.

«Қаладағы кәсіпорындардың бірінің аумағында жұмысшының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам жұмыс жүргізу кезінде электр тоғының соғуынан ауыр жарақат алып, көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді»,– делінген хабарламада.

Әділ Тілектес 1998 жылы дүниеге келген. Ол еркін және грек-рим күресімен айналысып, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарда өнер көрсеткен. 2018 жылы Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасының ІІ Спартакиадасында грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған. Ал 2019 жылы Қостанайда өткен ересектер арасындағы Қазақстанның командалық чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды жеңіп алған. Спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жүлдегер болған.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Yorumlar
Diğer Haberler