Әуезовпен бірге сотталған Алашорда қайраткері

67
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dmBPWNh04qByX1KYMX05RkLG3EfFCqjPMeb1h9xW.webp

135 жыл бұрын алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Алаш қозғалысының қайраткері Иса Таумышұлы Қашқынбаев дүниеге келген, деп хабарлайды "Адырна".

Ол медицина саласында еңбек етіп, соғыс жылдарында Қазақстанға және Орталық Азияға көшірілген госпитальдарға жетекшілік етті.

Иса Қашқынбаев 1891 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында дүниеге келген. Орал реалдық әскери училищесін тәмамдап, кейін Қазан университетінің медицина факультетінде білім алған.

1917 жылғы желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі – Алашорда мүшелігіне кандидат болып сайланды. 1920 жылы 21 маусымда Қазақ РК(б)П облыстық комитетінің мәжілісінде Иса Қашқынбаевты «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде Заволжье әскери округіне жіберу туралы шешім қабылданған. Алайда Халық атқару комитетінің араласуымен ол Ташкентке жіберілді.

Қашқынбаев 1920 жылы Ташкентте мұсылмандарға арналған өлкелік фельдшерлік мектепті ұйымдастыруға белсене қатысты. 1930-жылдардың ортасында Ташкенттегі Семашко атындағы Функционалдық диагностика институтында бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

1938 жылғы 23 сәуірде оған «контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айып тағылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алайда тағылған айып дәлелденбегендіктен, 1939 жылғы 1 желтоқсанда түрмеден босатылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Иса Қашқынбаев көшіріліп әкелінген госпитальдардың жұмысына жетекшілік етті. Соғыстан кейін Ташкенттегі Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында еңбек етті.

Иса Қашқынбаев Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ол Мұхтар Әуезовпен бірге қуғын-сүргінге ұшыраған Алашорда қайраткерлерінің бірі ретінде белгілі.

1929 жылы Ташкентте Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезов және Иса Қашқынбаев «контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен тұтқындалды. Кейін олардың ісі бойынша тергеу жүргізілді. Абақтыдан 1932 жылы шықты.

1938 жылы 23 сәуірде «Контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен тағы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бірақ айыптаушылар бүл қылмысын дәлелдей алмай, 1939 жылы 1 желтоқсанда түрмеден босатады.

Иса Таумышұлы Қашқынбаев 1948 жылғы 12 мамыр қайтыс болды.

Yorumlar
Diğer Haberler