Әліпбиді жүйелеген ұлт ұстазы туған күн

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CYAs8FaE2Mvh6HlrKnGLYoYHX3E9RZn0yywhxg2r.webp

Бүгін – Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, деп хабарлайды “Адырна”.

Ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылғы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданындағы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының қалыптасуына зор үлес қосты. Ол ұлттық жазуды реформалап, қазақ әліпбиін жүйелеуге, тіл білімінің ғылыми негіздерін қалыптастыруға еңбек сіңірді. Сонымен қатар ағартушылық қызметпен айналысып, қазақ қоғамының білім мен ғылымға ұмтылуына ықпал етті.

1921-1925 жылдары Орынбордағы, 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтына профессор болып қызметке ауысты.

1929 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қозғалысының өзге де қайраткерлерімен бірге тұтқындалып, Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жөнелтілді. Кейін оған бірнеше мәрте жаза тағайындалып, Архангельск пен Батыс Сібірге жер аударылды.

1934 жылы мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралды. Алайда тұрақты жұмысқа орналаса алмай, түрлі мекемелерде қызмет атқарды.

1937 жылы 8 тамызда Ахмет Байтұрсынұлы қайта қамауға алынды. Сол жылдың 8 желтоқсанында атылды.

Yorumlar
Diğer Haberler