Анасын өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты

252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Ақтөбеде анасын өлтіріп, әжесіне пышақпен шабуыл жасады деп айыпталған 11-сынып оқушысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

“Диапазон” жазуынша, сот жасөспірімнің психикалық ауруға шалдыққанын анықтап, оны мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Оқиға 2025 жылдың 2 желтоқсанында қала орталығындағы пәтерде болған. Жасөспірім 41 жастағы анасына шабуыл жасаған. Әйел оқиға орнында қаза тапқан. 72 жастағы әжесі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған.

Сотта жасөспірімнің психикалық ауруы бұған дейін жақындарына байқалмағаны айтылды. Бұған дейін ол жеке мектепте оқып, жақсы үлгерген. Көршілері оны тәрбиелі бала ретінде сипаттаған. Сот отырысы жасөспірімнің қатысуынсыз өтті. Ол осы уақыт бойы психиатриялық ауруханада болған.

Сот оны кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша кінәлі деп танығанымен, психикалық жағдайына байланысты қылмыстық жаза тағайындамады. Оның орнына психиатриялық стационарға мәжбүрлі емделуге жіберілді.

Yorumlar
Diğer Haberler