Тұрмыстық жанжал кезінде полиция инспекторы қаза тапты

64
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Оқиға 1 қыркүйекке қараған түні болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкеріне тұрмыстық жанжал кезінде дене жарақаттары келтірілген. Ол алған жарақаттарынан көз жұмған. Оқиға кезінде полицей еңбек демалысында болған.

Қызметкердің денесі жеке тұрғын үйдің ауласындағы гараждан табылған. Марқұм 1988 жылы туған.

Полиция күдіктінің жеке басын анықтаған. Қазір оны ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр.

Ведомство мәліметінше, күдікті бұған дейін марқұм учаскелік инспектор тарапынан тұрмыстық құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler