Онтарио көлі «Америка көлі» бола ма? Трамптың шешімі Канада наразылығын туғызды

94
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Q6ATbV6eFRCcvvvVV1IUFHwkjpqCmIAgwKbUpJPa.jpg

Фото:triplook.me

Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамптың екі ел шекарасында орналасқан Ұлы көлдердің ішіндегі ең кішісі – Онтарио көлінің атауын «Америка көлі» деп өзгерту туралы шешімін сынға алды.
АҚШ президенті бұл туралы жарлыққа 27 шілде, бейсенбі күні Ақ үйде қол қойған. Бұл шешім Канадамен жасалуы тиіс сауда келісімі бұзылғаннан бірнеше күн өткен соң қабылданды, деп хабарлайды "Адырна".

«Біз Онтарио көлінің атауын дереу “Америка көлі” деп өзгертеміз», – деді Трамп журналистерге. 

Ол мұндай шешімге канадалық шенеуніктердің АҚШ өкілдерімен «өте нашар қарым-қатынас жасағанын» себеп ретінде келтірді.

Канада премьер-министрі бұл шешімге әлеуметтік желідегі X парақшасында пікір білдірді.

«Бұл атаудың тарихы 400 жылдан асады. Ол Канаданың конфедерациясы құрылып, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы қабылданғанға дейін пайда болған. Американың өзгеріп жатқанын білеміз. Оның сауда байланыстары, сыртқы саясаты, ұлттық ескерткіштері, тіпті географиялық атаулары да өзгеруде. Ал канадалықтар бір нәрсені жақсы біледі: заттарды өз атымен атау керек. Бұл Онтарио көлі деп аталады. Бұрын да солай болған, қазір де солай және әрдайым солай болады», – деп жазды Карни.

Трамп Онтарио көлінің атауын өзгерту жоспарын алғаш рет 25 тамызда жариялаған. Бұл АҚШ пен Канада арасындағы жаңа сауда келісімі бойынша келіссөздердің сәтсіз аяқталуынан үш күн өткен соң болды.

Осыдан кейін АҚШ Канададан келетін бірқатар тауарларға 50 пайыздық кедендік баж салығын енгізді. Олардың қатарында шарап, жиһаз, сүт өнімдері, цемент, киім-кешек, қармақ және хоккей жабдықтары бар.

Бұған жауап ретінде Марк Карни АҚШ-тан импортталатын бірқатар тауарларға 50 пайызға дейін баж салығын енгізетінін мәлімдеді. БАҚ мәліметінше, бұл шаралар сүт өнеркәсібі, металлургия, тұрмыстық техника, целлюлоза-қағаз өндірісі, электроника және басқа да салаларды қамтиды. Жаңа тарифтердің 8 қыркүйектен бастап күшіне енуі күтілуде.

Сауда келісімінің бұзылуына екі тарап та бір-бірін кінәлады. Карни келіссөздердің сәтсіз аяқталуына АҚШ тарапының соңғы сәтте ұсынған өзгерістері себеп болғанын айтты. Оның пікірінше, бұл талаптар «әділетсіз, нарықтық қағидаларға қайшы» болған және кез келген келісімнің сенімділігіне күмән келтірген.

Ал келіссөздерге қатысқан АҚШ сауда өкілі Джеймисон Грир Оттаваның сол аптада алдын ала келісілген шарттар негізінде сауда келісімін түпкілікті бекітуден бас тартқанын мәлімдеді.

Дональд Трамп президенттік өкілеттігінің екінші мерзімі басталғалы бері бірқатар ірі географиялық нысандар мен мекемелердің атауын өзгертуді бірнеше рет ұсынды.

2025 жылдың қаңтарында оның бастамасымен Мексика шығанағы «Америка шығанағы» деп аталып, Аляскадағы Денали тауының атауы қайтадан Мак-Кинли болып өзгертілді. Мексика шығанағының атауын өзгерту туралы шешім Мексика тарапынан сынға ұшырады. Ел өкілдері бұрынғы атаудың халықаралық навигацияда ғасырлар бойы қолданылып келгенін атап өтті.

Ал 2025 жылдың желтоқсанында Вашингтондағы Джон Кеннеди атындағы өнер көрсету орталығының атауына Трамптың есімі қосылды. 2026 жылдың мамырында сот қазіргі АҚШ президентінің есімін орталық атауынан алып тастау туралы шешім шығарды.

Судья өз үкімін, соның ішінде, орталыққа атауды АҚШ Конгресі бергенімен және оны «тек Конгресс қана өзгерте алатынымен» түсіндірді.

Yorumlar
Diğer Haberler