Заңгерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/L4XH7foVvCRv18HqrEszVjP7RMimX1gDhkupqSyz.webp

Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Шекеевтің айтуынша, қылмыстық іс Алматы қаласының прокуратурасы жүргізген сараптама қорытындысынан кейін қозғалған. Алайда әзірге тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны және істің қандай негізде қозғалғаны белгісіз.

Заңгер бұл жағдайды әлеуметтік желідегі белсенділігімен және қазақ тілін қорғауға қатысты ұстанымымен байланыстырады.

«Біз ана тілімізді, яғни Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде бекітілген қазақ тілін қорғағанымыз үшін осындай жағдайға тап болып отырмыз», – деді Мейірман Шекеев.

Ол ешқашан заң бұзбағанын айтып, тіл мәселесі бойынша өз ұстанымын соңына дейін қорғауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар заңгер оқырмандарын әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздыққа әкелуі мүмкін пікірлер жазбауға шақырды.

Шекеевтің сөзінше, бұған дейін тіл мәселесіне қатысты арандатушылық сипаттағы пікірлер айтқан азаматтарға бірнеше рет шағым түсірген. Алайда оның айтуынша, аталған өтініштер бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.

Қазір құқық қорғау органдары бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler