Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-кодтарды таратқан азамат қамауға алынды

151
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VxN2Ohkr2yZRULOo7dOGJuSiddzYtTFAJaxdREfL.jpg

Фото:advantshop.net 

Алматының Түрксіб ауданында есірткі сататын интернет-ресурсқа бағыттайтын QR-кодтар жапсырылған парақшаларды таратқан күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, күдік тудырған жапсырмаларды учаскелік инспектор әкімшілік аумақты аралау кезінде байқаған. Тексеру барысында ондағы QR-кодтар есірткі заттары сатылатын және есірткі ресурсы жарнамаланатын сайтқа бағыттайтыны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол Талғар ауданында тұратын, жұмыссыз 25 жастағы азамат болып шықты. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол есірткіге тәуелді.

Ұстау кезінде ер адамнан әрі қарай таратуға дайындалған QR-кодтары бар ондаған баспаханалық жапсырма табылып, тәркіленді.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Полиция тұрғындарды осындай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды. Есірткі ресурстарын жарнамалайтын жапсырмалар табылған жағдайда, азаматтарға мүмкіндігінше оларды өздері алып тастау немесе 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, жойылған әрбір QR-код тыйым салынған заттардың таралуын шектеуге көмектеседі.

Yorumlar
Diğer Haberler