Қатты желден электр желілері мен тұрғын үйлер зақымданды

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/utiq65Ji4ZG2F8KFDGF5yPEoY99QmBkkW6BJgO1I.png

Павлодар облысының Успен ауданында қатты жел салдарынан электр желілері мен тұрғын үйлерге зақым келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 21 шілде күні сағат 15:55-те Қоңырөзек ауылдық округіне қарасты Қоңырөзек, Чистополь, Вознесенка және Надаровка ауылдарында 10 кВ әуе электр желісінің жеті бағанасы зақымданған. Қазір апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын аудандық электр желілері қызметі жүргізіп жатыр. Жұмысқа 10 маман мен үш арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ сағат 16:25 шамасында Қоңырөзек ауылында қатты желдің салдарынан 12 жеке тұрғын үйдің және ауылдық мәдениет үйінің шатыры бүлінген. Зақымданған аумақтың көлемі нақтылануда. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің 27 қызметкері және бес техника жұмыс істеп жатыр. Әкімдік қолайсыз ауа райының салдарын жою және келтірілген шығынды нақтылау жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Yorumlar
Diğer Haberler