Омбыдағы гүлзарға Кемел Тоқаевтың атын беру ұсынылды

211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nArP1ex7hsax63pIgixHOsX3FXUH7ZAmcBPd7RHt.jpg

Омбы облысындағы қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь маңындағы гүлзарға белгілі жазушы Кемел Тоқаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әңгіме Гагарин көшесінде орналасқан аумақ туралы болып отыр.

«1945 жылғы 21 қаңтарда 7-ші жеке гвардиялық Қызыл Тулы танк полкінің автоматшылар бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты Кемел Тоқаев аяғынан оқ тиіп жараланды. 1945 жылдың ақпан айында ол Омбы қаласындағы №1494 эвакуациялық госпитальде (қазіргі Соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь – ред.) емделді. Сол жерде дәрігерлер оның жараланған аяғын ампутациядан сақтап қалды», — делінген түсіндірме жазбада.

Гүлзарға атау беру туралы түпкілікті шешім Омбы қалалық кеңесінің жалпы отырысында қабылданады.

Еске салайық, 2020 жылы Соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь ғимаратында Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылған еді.

Кемел Тоқаев (1923-1986) –  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен екі марапатталған. Сондай-ақ ол – қазақ детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі.

Yorumlar
Diğer Haberler