Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады

295
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wVkNxkpSkZCZhOLY7Qsj2C1dzf5DV7Xrf18JZM17.jpg

Kaspi.kz клиенттері NFC арқылы байланыссыз төлемді қолдайтын Android смартфоны, смарт-сағаты немесе басқа да құрылғылары арқылы төлем жасай алады.

Қызмет қазақстандықтар үшін әлемнің кез келген елінде қолжетімді. Сонымен қатар, дүкендерде, қосымшаларда әрі интернетте төлем жасауға мүмкіндік береді. Kaspi Gold-ты Google Pay-ге Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы немесе Google Wallet арқылы қосуға болады.

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

«Біз әрбір Kaspi.kz клиентінде кез келген жағдайда төлем жасаудың ыңғайлы тәсілі болғанын қалаймыз.

Kaspi QR смартфон моделіне қарамастан барлық клиентке қолжетімді. Kaspi Alaqan телефонсыз-ақ алақанмен төлем жасауға мүмкіндік береді. Енді Android құрылғыларын пайдаланатын клиенттер Kaspi Gold картасын Google Pay немесе Google Wallet қызметіне қосып, Қазақстанда да, шетелде де NFC қолдайтын смартфон, смарт-сағат немесе басқа құрылғы арқылы төлем жасай алады.

Біз сүйікті клиенттерімізге таңдау мүмкіндігін көбейтіп, әр күнге қолайлы жағдай жасауға қуаныштымыз!» - деді.

Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold картасын Google Pay-ге қосу үшін Менің Банкім → Kaspi Gold бөліміне өтіп, «Google Pay қосу» батырмасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Сондай-ақ Kaspi Gold картасын NFC қолдайтын Android құрылғысындағы Google Wallet қосымшасына қосып, байланыссыз төлем қабылдайтын дүкендерде пайдалануға болады.

Бұдан бөлек, Google есептік жазбаңызға кірген кез келген iOS немесе Android құрылғысында GPay батырмасы арқылы интернет-дүкендерде онлайн төлем жасауға болады.

Yorumlar
Diğer Haberler