Ұлттық спорт жанашыры Дулат Тастекей 44 жасқа толды

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QYP6nbII5JX8vsuSlQk5TMWZPjqcUUlvBe0FQd23.jpg

Кәсіпкер, меценат әрі ұлттық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген Дулат Тастекей 44 жасқа толды.

Дулат Тастекей көп жылдан бері қазақтың дәстүрлі спорт түрлерін қолдап, олардың дамуына және кеңінен насихатталуына атсалысып келеді. Қазіргі таңда ол Қазақстан Аударыспақ федерациясы вице-президенті және Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, әр жылдары Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы вице-президенті ретінде де еңбек еткен.

Оның есімі туған жері Абай облысының Ақсуат өңірінде өтетін «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалімен де тығыз байланысты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара ұлттық спорт пен мәдениетті ұлықтайтын маңызды жобалардың біріне айналып, еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар мен өнерпаздардың басын қосып келеді.

Фестиваль аясында аламан бәйге, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және аударыспақ бойынша республикалық деңгейдегі жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға қомақты сыйақылар мен автокөліктер табысталады.

2024 жылы аталған фестиваль аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылып, ол әлемдегі ең ұзақ қашықтықтағы ат жарыстарының бірі ретінде көпшіліктің назарын аударды. Сондай-ақ соңғы фестивальдің жалпы жүлде қоры 100 миллион теңгеден асып, ұлттық спортты қолдауға бағытталған ауқымды бастамалардың бірі болды.

Yorumlar
Diğer Haberler