Қазақстан Оңтүстік Кореямен атом энергетикасы саласында ынтымақтастықты күшейтпек

321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ho5ceUKW1Zxre58VxnB3mYsnLfJSzjoHBM8dKJHy.webp

Қазақстан шағын модульді реакторлар мен заманауи ядролық технологиялар саласында Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Василий Лавренов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, энергетикалық бағыт — екіжақты ынтымақтастықтың негізгі басым салаларының бірі. Қазақстан атом энергетикасы саласындағы халықаралық тәжірибені мұқият зерделеп, кореялық серіктестермен білім алмасуға қызығушылық танытып отыр.

«Ынтымақтастықтың перспективалы бағыты — шағын модульді реакторларға қатысты жобаларды дамыту. Қазақстан бұл саладағы халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп, заманауи реакторлық технологиялар бойынша тәжірибе және сараптамалық білім алмасуға мүдделі», – деді Лавренов.

Ол сондай-ақ кореялық KHNP компаниясының технологиялық шешімдері мен халықаралық тәжірибесі көпфакторлы талдау нәтижесінде жоғары бағаланғанын атап өтті. Бұл талдау технологиялық, қаржылық және инфрақұрылымдық параметрлерді қамтыған.

Лавреновтің айтуынша, қазіргі уақытта тараптар атом энергетикасы саласындағы жаңа бірлескен бастамаларды іске асыруға қосымша құрал болатын өзара түсіністік туралы меморандум жобасын әзірлеуде.

Yorumlar
Diğer Haberler