Экономикалық одақтан Армения шыға ма?

110
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5vKrR4mSRhHae4s8qFXBdGHqx8HD4Zj0cj3poRnm.jpg

Еуразиялық экономикалық одақ аясында мүше елдің ұйымнан шығуы немесе мүшелігін тоқтату әзірге қарастырылмаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы РФ вице-премьері Алексей Оверчук мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай құқықтық механизмдер ЕАЭО туралы шартта жоқ, сондықтан «мүшелікті тоқтату» немесе «шығару» сияқты тетіктерді жан-жақты құқықтық тұрғыдан зерттеу қажет.

«Біз тоқтата тұру не білдіретінін зерттейміз. Қазіргі шартта мүшелікті тоқтату немесе шығару режимі қарастырылмаған. Сондықтан бұл мәселе құқықтық тұрғыдан мұқият қаралуы тиіс, желтоқсанға дейін пысықтаймыз», – деді Оверчук.

Бұған дейін, 29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей президенттері Арменияның ЕАЭО-дағы мүшелігі мәселесін келесі отырыста қайта қарау туралы бірлескен мәлімдеме қабылдаған.

Yorumlar
Diğer Haberler